Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аты-жөнін өзгерткен: кісі өліміне күдікті павлодарлық 15 жыл бойы Ресейде жасырынған

Кісі өліміне қатысты күдікті павлодарлық 15 жыл бойы Ресейде жасырынған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарлық жедел уәкілдер Ресей Федерациясы ІІМ-нің Алтай өлкесі Барнаул қаласындағы әріптестерімен өзара іс-қимыл шараларын өткізу барысында кісі өліміне қатысты іздеуде болған күдіктіні ұстады.

2007 жылдың ақпан айында іздестіріліп жатқан 40 жастағы азаматтың Павлодар қаласының Исиналиев көшесіндегі түнгі клубтардың бірінің жанында ер адамды атып өлтіргені анықталды. Ол зұлымдық жасағаны үшін жазалануы керек екенін біліп, елден қашып кетті. Осы уақытқа дейін тәртіп сақшылары күдіктіні іздеуді тоқтатқан жоқ.

– Осы жылдар ішінде Ресей Федерациясындағы қылмыскер өзінің аты-жөнін өзгерткен. Бірақ мұндай шаралардың өзі оның жазадан құтылуына мүмкіндік бермеді. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Барнаул қаласы бойынша Ресей ІІМ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Экстрадициялау туралы мәселе шешілуде, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полиция биыл Павлодар облысының жедел қызметкерлері 36 қылмыскерді ұстағанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру