Көкшетауда банк картасын тауып алып, дүкендерде сауда жасағандар анықталды
Көкшетауда банк картасын тауып алып, дүкендерде сауда жасағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласының ПБ-на облыс орталығының тұрғыны жүгініп, 25 мамыр мен 2 маусым аралығында жоғалған өзіне тиесілі банк картасынан белгісіз азамат 20 мың теңге көлемінде ақша ұрлағанын хабарлады.
Аталған факті бойынша Тергеу басқармасы ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол 25 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Осыған ұқсас қылмыс 6 мамырда облыс орталығының аумағында жасалды. Жоғалған банктік картаны пайдаланып, белгісіз біреу қаланың сауда үйлерінің бірінде төлем жасаған. Күдіктіні полиция қызметкерлері жедел анықтады.