Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында заңсыз ағаш кескен ауыл тұрғыны анықталды

Павлодар облысында заңсыз ағаш кескен ауыл тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар ауданының полициясына белгісіз біреу терек сүрегін заңсыз кесті деген өтінішпен жергілікті тұрғын жүгінді. Шығын сомасы – 81 мың теңгеден асты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ауыл шетінде орналасқан орман екпесінде ағаш кескен 52 жастағы ауыл тұрғынын анықтады.


Ер адамнан кесілген ағаш, қол ара мен балта тәркіленді. Сондай-ақ, ол ағашты жеке мақсатта пайдалануды жоспарлағанын, ал ағаш кесуге рұқсат құжаттары жоқ екенін айтты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру