Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны үйінің ауласында көкнәр мен қарасора өсірген

Шымкент тұрғыны үйінің ауласында көкнәр мен қарасора өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы аясында тыйым салынған өсімдіктерді өсіру жайтын анықтады.Тәртіп сақшылары Абай ауданының тұрғыны өз бақшасында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіргенін анықтады. Тексеру жұмыстары барысында 118 түп көкнәр мен 7 түп қарасора тәркіленді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Заңнамаға сәйкес ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру