Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық ер адам баласына шамамен 3 млн теңге қарыз

Павлодарлық ер адам баласына шамамен 3 млн теңге қарыз, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының көші-қон қызметінің қызметкерлері алимент төлемегені үшін жасырынып жүрген адамдар мен борышкерлерді іздестіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері полиция күшімен алимент бойынша іздестіріліп жатқан 106 борышкердің мекенжайы анықталды.

Мәселен, 10 маусымда құқықтық тәртіп сақшылары облыс орталығының аумағында қасақана төлемеушілердің бірінің орналасқан жерін анықтады. Қала полициясына 28 жастағы павлодарлық өтініш білдіріп, оның 38 жастағы бұрынғы жұбайы 2016 жылдың қараша айынан бастап баланы күтіп-бағуға қаражат төлеу бойынша сот шешімін орындамағанын хабарлады. Қарыз сомасы 2 млн 745 мың теңгені құрады.

Осы факті бойынша балаларды күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін тексеру жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру