Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыға азық-түлікпен көмектесті

СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыға азық-түлікпен көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты ЕС-164/1 мекемесінің ұжымы әрдайым ұйымшылдығымен және қиын жағдайда бір-біріне көмектесу қабілетімен ерекшеленді.

«Балалар жылында» қызметкерлер 5 бала тәрбиелеп отырған Баталовтар отбасына көмек көрсетті. Бір минут ойланбастан барлық қызметкерлер көмек сұрап, балаларға қажетті заттарды жинады. Барлық жастағы балаларға арналған заттар, сондай-ақ азық-түлік себеті жиналды.

Мекеме өкілдері балаларға жиналған заттар мен ойыншықтарды табыстады.

Көпбалалы отбасы төрт ұл, бір қызды тәрбиелеп отыр, бір баласы – мүгедек. Анасы Светлана Викторовна бала тәрбиесімен айналысады, ал әкесі – Виталий Викторович жұмысшы және отбасындағы жалғыз асыраушы. Ең үлкен ұлдары 15 және 13 жаста. Ұлы Артем 5 жаста, қызы 3 жаста, ең кішісіне – бар болғаны үш ай.

Балалардың жүздері бақыт пен қуанышқа бөленді, ал мекеме қызметкерлері осы әдемі үлкен отбасымен қарым-қатынастан көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру