Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам әйелдер колониясына алкоголь мен телефондарды лақтыруға тырысты

Алматы облысы Жауғашты кентінің ЛА-155/4 мекемесінде ер адам тыйым салынған заттарды аумаққа лақтыруға тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/4 орташа қауіпсіздік мекемесінде ер адам скотчпен оралған минералды судың пластикалық бөтелкесімен бір орамды аумаққа лақтыруға тырысты.

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында ер адам ұсталды. Скочталған орам ішіндегі тыйым салынған заттар: үш ұялы телефон және алкогольдің ерекше иісі бар бөтелкедегі сұйықтық тәркіленді.

– Аталған факті бойынша Іле аудандық ПБ тергеу-жедел тобы шақырылды.
Ұсталған азаматтың жеке басы анықталды. Тексеру барысында ер адам өз кінәсін мойындады, – деді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру