Қарағандыда азаматтарды 5 млн теңгеге алдап кеткен әккі алаяқ ұсталды
Қарағандыда азаматтарды 5 млн теңгеге алдап кеткен әккі алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 маусым күні Қарағанды қаласы ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол алаяқтың арбауына түсіп қалғанын хабарлады.
Жәбірленушіге көпқабатты үйдің ауласында белгісіз біреудің жолыққаны анықталды. Ол жұғыл қоңырау үшін ұялы телефонды сұраған. Телефонды алған белгісіз адам, біреумен сөйлесіп тұрған кейіп танытып кейінге шегінген. Кейін ұялы телефонды қайтарып алғысын айтып кеткен.
Келесі күні жәбірленуші ұялы телефонын тексеріп отырып, белгісіз біреудің банк қосымшасын пайдаланып несие рәсімдегенің анықтады. Қаскүнем 1 млн ақша қаражатын қандайда бір шотқа аударған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы күдікті жігітті анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің басқа алаяқтық фактілерге қатысы бар екенін анықтады.
1 ай бұрын қаскүнем, 19 жастағы жас жігіттің сеніміне кіріп, автокөлігін кепілге қойып, алынған ақшаны айналымға салып қомақты табыс табуды ұсынған. Жас жігіт еш күдіксіз алаяқтың кеңесіне құлақ асып көбейту мақсатында оған 2 млн теңге берген. Ақша қаражатын алған қаскүнем байланысқа шығуды тоқтатқан.
Басқа жағдайда, “жалға алынған” біреудің ұялы телефоның қолданып, алаяқ 20 жастағы телефон иесінің шотынан 2 млн 240 мың теңге аударып алған. Осылайша, шығынныі жалпы мөлшері 5 млн 240 мың құрады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.