Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұрттық полицейлер 100-ден астам жасөспірімге түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Қазығұрттық полицейлер 100-ден астам жасөспірім мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қазығұрт ауданының полицейлері түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізуде. Осы бағытта полиция қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, кәмелет жасына толмаған 100-ден аса жасөспірімге ата-аналарының қарауынсыз жүрмеуін ескертті.

Полицейлер қала аумағында халық көп баратын орындарға, саябақтарға барып, түнгі сағат 22:00-ден соң жасөспірімдердің заңды өкілінсіз жүруіне тыйым салынатындығы жайлы ескертулер жасады. Егер де, екінші рет қайталанған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынатындығын түсіндірді.

Сонымен қатар, полицейлер кәмелет жасына толмағандарға тыйым салынған уақытта қызмет көрсеткен ойын алаңшаларының, компьютер клубтарының, кафелер мен мейрамханалардың иелеріне шара көрілетіндігі туралы еске салады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың басты міндеті. Олардың қатысуымен болатын түрлі құқық бұзушылықты болдырмас үшін ата-ана бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамауы керек. Түнгі уақытта қараусыз жібермей, оларға жауапты болуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру