Полицейлер 19 жастағы солтүстікқазақстандықтан синтетикалық есірткі тәркіледі
Полицейлер 19 жастағы солтүстікқазақстандықтан синтетикалық есірткі тәркіледі. Есірткі заттарын сақтау және тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 сәуір күні Абай көшесінде ұстау жүзеге асырылды. Жедел іс-шаралар барысында СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Lada Granta автокөлігін тоқтатқан. Автокөліктің ішінен ақ түсті зат салынған пакет алынды. Сараптама алынған зат жалпы салмағы 63,25 грамм «скорость» синтетикалық есірткісі екенін көрсетті.
Есірткі қылмысын жасады деген күдікпен такси жолаушысы – Қызылжар ауданының тұрғыны ұсталды. Жүргізілген тергеу әрекеттері барысында ауыл тұрғыны бұрын есірткі жасырған орнынан жоғарыда аталған 20 грамм есірткі тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баппен бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Жалпы жыл басынан СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 18 килограмнан астам есірткі затын тәркіледі.