СҚО-да ауылдық үздік учаскелік инспектор Мамлют ауданында қызмет етеді
СҚО-да ауылдық үздік учаскелік инспектор Мамлют ауданында қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық үздік учаскелік инспектор болып, Мамлют ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Бақытжан Смайылов танылды. Мамырдың соңында тұрғын үймен біріктіріле салынған жаңа учаскелік пунктің кілті салтанатты түрде табыс етілді.
44 жастағы Бақытжан Смайылов ішкі істер органдарындағы қызметін 2005 жылдың қазанынан бастады. Қызметін СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы Мамлют ауданы полиция взводының полицейінен бастаған. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы, учаскелік полиция инспекторы, жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары қызметін атқарған. 2020 жылдың сәуірінен бастап, Краснознаменный ауылдық округінің учаскелік инспекторы қызметін атқаруда. Бақытжан Қайыржанұлының білікті тәлімгері, қазіргі уақытта ІІО ардагері – Нұржан Қожағұлов.
Әкімшілік учаскенің аумағында 1000-нан аса адам тұратын, үш ауыл бар. Бір ерекшелігі, бұл округ арқылы Челябі – Новосібір автомобиль жолы өтеді, облыс орталығы Петропавл қаласы мен ірі аудан орталығы – Мамлютка қаласы жақын. Ауылда қызмет ететін учаскелік полиция инспекторының күнделікті жұмыс күні қалалықтарға қарағанда қарбалас болмай көрінуі де мүмкін. Алайда, бұл олай емес. Себебі қандай да бір оқиға екі ауылда бір мезгілде болып қалуы мүмкін. Учаскелік инспектор жедел түрде екі елді мекенге баруы қажет. Екі елдің арақашықтығына, ауа райына және басқа да жағдайларға байланысты мүмкін бола бермейді. Қалада мұндай мәселе туындамайды, себебі кез келген уақытта әріптестерден көмек сұрауға болады. Ауылдық жерде қызмет ететін учаскелік инспекторға ауылдық округтің әкімінен басқа көмек қолын созатындар аз. Сондықтан ең бастысы халықтың қолдауына, сеніміне ие болу.
Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Петр Климовтың айтуынша, учаскелік инспектор Бақытжан Смайылов еңбек жолындағы тәжірибесімен, мәселелер туындаған жағдайда жан-жақты талқылай отыра, түпкілікті шешумен, есепте тұрған адамдарға сапалы бақылау жасау сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді.
– Тұрғындардың бұл қызметкер жайлы пікірі: бірінші кезекте оның талабы мен адамға көмегі; заң төңірегінде әрқашан әділ болуы. Себебі учаскелік инспектордың міндеті тек жазалау емес, профилактикалық әңгімелесу жүргізу, қандай да болмасын қауіпті жағдайдың алдын алу болып табылады. Сонымен қатар, Бақытжан Смайылов кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық профилактикасы желісінде де тиісті жұмыстар жүргізу үстінде. Ауылдық округтің әкімі Александр Копендаков пен орта мектептің директоры Мұрат Ташмағамбетовпен тығыз жұмыс жасайды, – деді Петр Климов.
2021 жылдың аяғында өңірдің ауыл полицейлері арасында өткізілген “Үздік учаскелік полиция инпсекторы” облыстық байқауында Мамлют ауданының ПБ қызметкері жеңімпаз атанды. Бұл кезеңнің жеңімпазы ретінде полиция майоры еліміздің барлық аумақтарынан жиналған әріптестерімен бірге ҚР ІІМ Алқасына қатысып, “Үздік участкелік полиция инспекторы 2021 жыл” төс белгісімен, сондай-ақ Ішкі істер министрінің грамотасымен марапатталды.
Бақытжан Смайылов өзінің жоспарымен бөлісіп, сервистік полиция форматында қызметін одан әрі адал жалғастыру деді.
– Жаз мезгілінде өзен-көлдерде сақ болуға шақырып, өрт қауіпсіздігіне назар аудару қажет. Күзде – мал, астық, гербицидпен байланысты орын алып жататын ұрлықтың болуы мүмкін. Жұмыстың тағы бір жеке желісі – халықтың осал тобын жылту мезгіліне дайындауға көмек көрсету, – деп бөлісті ол.
Учаскелік инспектор Бақытжан Смайылов полицияда қызмет ететін жас мамандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, тәртіпті, заңдылықты сақтап, қызмет көрсететін аумақта тәртіпті қамтамасыз етіп, сонымен қатар азаматтармен сыпайы және әдепті сөйлесу қажет деп кеңес береді.