Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі қылмысы туралы анонимді хабарлама жіберетін Telegram-бот құрылды

Заңсыз есірткі айналымына қатысты құқық бұзушылықтар туралы анонимді хабарлама жіберетін Telegram-бот құрылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында полиция қызметкерлері, нарколог-дәрігерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар ресурстық орталығының мамандары және басқа да мүдделі қызметтер дөңгелек столда бас қосып, нашақорлыққа қатысты өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын қарастырды.

Мамандар қазіргі таңда қаламыздағы нашақорлық жағдайы туралы сөз сөйлеп, емдеу-оңалту жұмыстарын таныстырып, олардың нәтижесін айтып өтті.

Іс-шара барысында «Серғали-Түркістан» аймақтық қоғамдық бірлестігінің өкілі жастар арасында қолға алынған жобаларды айтып өтіп, олар бойынша қайтарымсыз гранттар бөлінгенін хабарлады. Сонымен қатар, азаматтар арасында есірткінің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар туралы анонимдік хабарламалар бойынша арнайы telegram-бот құрылғанын мәлімдеді.

Іс-шара соңында мамандар нашақорлық пен есірткі пайдаланудың алдын алу бойынша алдағы жоспарларымен бөлісіп, оларды бірлесіп атқару туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру