Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында зейнеткердің велосипедін қолды қылған ұры ұсталды

Ақтөбе облысында зейнеткердің велосипедін қолды қылған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 маусымда зейнеткер қалалық полиция бөліміне велосипед ұрлығы бойынша арызданды.

70 жастағы жергілікті тұрғын Есет батыр көшесіндегі супермаркеттердің бірінің жанында велосипедті 5 минутқа қалдырғанын және оны бекітпей кеткенін айтты.

Полиция қызметкерлері Мәртөк ауылының 49 жастағы тұрғынын «ізін суытпай» ұстады. Заттай дәлел велосипед иесіне қайтарылды.

ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру