Қызылорда облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады
Қызылорда облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz
24 маусым күні Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері және Қарағанды облысы ПД-ның Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда облысының тұрғыны Қарағанда қаласында құрықталды.
Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7-9-тармақтары бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда.
Ұсталған күдікті азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер күдіктіні Қарағанды қаласындағы саябақтардың бірінде ұстаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.