Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 7,3 млн теңгенің ірі қара малын ұрлаған малшылар ұсталды

ШҚО-да 7,3 млн теңгенің ірі қара малын ұрлаған малшылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 маусымда Алматы облысының 29 жастағы тұрғыны Тарбағатай аудандық ПБ кезекші бөліміне жүгініп, оның 27 жастағы екі қызметкері (малшылар) өткен жылдың қараша айынан бастап 24 бас ірі қара малды ұрлағанын хабарлады. Осылайша жәбірленушіге 7,3 млн теңге көлемінде залал келтірді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Онда ұсталған адамдар жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Ұрланған заттар ішінара тәркіленді.

Қаскүнемдерге қатысты келу туралы міндеттеу түріндегі мәжбүрлеу процестік шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігі бойынша-санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру