Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ер адам бірге тұратын әйелімен жанжалдасып, үйін өртеп жіберген

ШҚО-да ер адам бірге тұратын әйелімен жанжалдасып, үйін өртеп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусым айының ортасында Өскемен қалалық ПБ Үлбі ПБ «102» жедел арнасына Тынышпаев көшесінде өрт басталғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция оқиға орнына шығып, тексеру барысында 44 жастағы ер адам 48 жастағы бірге тұрған әйелімен жанжалдан кейін оның үйін қасақана өртегенін анықтады. Келтірілген шығын шамамен 6 млн теңгеге бағаланады.

Құқықтық тәртіп сақшыларының жедел іс-қимылдарының арқасында, қаскүнем ұсталды және полиция бөліміне жеткізілді, онда жауап алу кезінде кінәсін толық мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 202-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру