Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда танысының телефоны мен ақшасын ұрлап кеткен жігіт ұсталды

Елордалық полицейлер кезекті ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға ақша мен ұялы телефонды ұрлау фактісі бойынша арыз түсті.

Анықталғандай, жас жігіт танысын Тәуелсіздік даңғылындағы жатақхананың жалға алынған бөлмесінде тұруға шақырған. Жастар бөлмеде сөйлесіп, ішімдік ішкен. Жәбірленуші едәуір көп ішіп, ұйықтап қалған. Қаскүнем танысы ұйықтап қалған сәтті күтіп, оның қолма-қол ақшасы бар әмияны мен ұялы телефонын ұрлап кеткен. Ұрланған заттардың иесі оянып, әмиянның жоғалып кеткенін біліп, полицияға хабарлаған. Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құрады.

«Алматы» ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдіктіні ұстады. Ол 23 жастағы жігіт болып шықты.

Аталған факті бойынша «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру