Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысындағы қарулы қақтығысқа қатысқан 15 адам ұсталды

Ақмола облысында болған қарулы қақтығысқа қатысқан 15 адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 маусымда Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлеріне “Қарасай тас жолы” айналма жолы бойындағы автодромда қарулы адамдар тобының қатысуымен қақтығыс орын алып жатқандығы туралы белгілі болды.

Оқиға орнына Криминалдық полиция басқармасының, арнайы мақсаттағы бөлімшенің, жедел-тергеу тобының қызметкерлері дереу келді.

Алдын ала тергеу барысында қақтығыс қатысушылары анықталды: 15 адам, Көкшетау және Қарағанды қалаларының тұрғындары, 22 жастан 40 жасқа дейін. Оқиға орнынан Tranfoglio және Стражник травматикалық тапаншалары, патрондары, бұрыш бүріккіштері, пышақтар мен кастеттер тәркіленді.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау және тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру