Өскеменде жеңгетайлық үшін сауна әкімшісі ұсталды
Өскеменде жеңгетайлық үшін сауна әкімшісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маусым айының ортасында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өскемендегі сауналардың бірінде жеңгетайлық фактісін анықтады. 23 жастағы сауна әкімшісі күдікпен ұсталды, ол қосымша табыс табу үшін саунаға келушілерге «махаббат қызметкерлерін» шақырған. Оқиға орнынан 26 мың теңге көлемінде ақша тәркіленді.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.