Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қақпа алдындағы кездесу»: Таразда екі адам түрмеден босап шықты

Таразда екі адам түрмеден босап шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда қалалық жұмыспен қамту орталығы мен пробация қызметі бірлескен іс-шаралар ұйымдастырды. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/4 мекемесінен босатылған сотталғандар Тараз қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы шеңберінде пробациялық қызметке тартылды. Мұндағы мақсат – түрмеден шыққан азаматтардың әлеуметтік қоршаған ортаға бейімделуіне, жұмыспен қамтылуына жғдай жасау.  Құзырлы мекеме қызметкерлері іс-шара барысында бостандыққа шыққан азаматтарға қоршаған ортаның талаптарын бұзбау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеген 29 жастағы Абылай  Қуанышбек мен 34 жастағы сотталған Вячеслав Лиге жазасының өтелмеген бөліктерін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру жөнінде Тараз қалалық №2 сотының қаулысы шыққан. Аталған сотталушылар мекемеде өздерін жақсы жағынан көрсетіп, көзге түскен.

«Қақпа алдындағы кездесуде» мамандар бостандыққа шыққан екі азаматқа бос жұмыс орындарының тізімін таныстырды. Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыссыз ретінде тіркелу тәртібі мен жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын түсіндірді. Ал Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Тараз қалалық №3 пробациялық бақылау инспекторы А. Масатбай заңнама баптарын түсіндіріп, қайталанған құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда қандай жауапкершілікке тартылатыны жөнінде атап көрсетті. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру