«Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы: Павлодар облысында 212 құқық бұзушылық анықталды
Павлодар облысында «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы барысында 212 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өтті.
Полицейлер облыстың қалалары мен аудандарының көшелерінде, ойын-сауық мекемелерінде, компьютерлік клубтарда күшейтілген рейдтер жүргізді. Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс алкогольдік ішімдіктер пайдаланатын, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау бойынша жұмыс жандандырылды.
Рейдтер бау-бақша, фермерлік алқаптар, шаруа қожалықтары, үйлердің жертөлелері, теміржол және автобус вокзалдары болды. Нәтижесінде, балалар еңбегінің 15 фактісі анықталды, оның ішінде 11 жағдайда еңбек шарттары болмаған.
Құқықтық тәртіп сақшылары алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша 212 әкімшілік материал жасады. Балалардың түнгі серуені үшін 166 заңды өкіл жазаланды. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу немесе білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 127-бабы бойынша 35 ата-ана тартылды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болу фактілері анықталды, бұл үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша үш ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды және ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша үш кәсіпкерлік субъектісі тартылды.
– Ата-аналар сағат 23.00-ден кейін бала, жасөспірім көшеде, ал сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде бола алмайтынын білуі тиіс, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибегүл Қамзина.
Құқық қорғау органдары жедел-профилактикалық іс-шара аясында мекемелерді және оларда заңсыз жұмыс істейтін кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта болуын тексерді.
Ақсу қаласында қалалық кафелердің бірінде полиция қызметкерлері рейд барысында түнгі уақытта осы кафеде даяшы болып жұмыс істеген 17 жастағы баланы анықтады. Жол берілген бұзушылық үшін мекеменің иесі ҚР ӘҚБК-нің 132-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды, ал жасөспірімнің анасына қатысты ҚР ӘҚБК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары еңбек органдарына анықталған еңбек заңнамасын бұзу туралы ұсыныс жіберді.
Сондай-ақ, 21 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сату фактілері анықталды. Мысалы, 28 маусым сағат 19.20-да Торайғыров көшесінде орналасқан дүкендердің бірінде Павлодар қаласында 21 жасқа толмаған адамға темекі бұйымын сату фактісі анықталды. Дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБК-нің 423-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұзақылық фактілері де анықталды. Мәселен, 28 маусым сағат 15.50 шамасында Ақсу қаласы Астана көшесі бойындағы үйдің ауласында 15 жастағы кәмелетке толмаған бала қоғамдық орында бола отырып, былапыт сөз сөйледі. Соңғысының заңды өкілі ҚР ӘҚБК 435-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жедел алдын алу іс-шарасы балалардың құқықтарын қорғауға халықтың назарын аудару мақсатында өткізілді. Бұл жұмыс мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен тұрақты негізде жалғасуда.
– Ата-аналардың бақылаусыздығы жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа немесе оларға қатысты заңсыз әрекеттер жасауға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, балалардың жазғы кезеңдегі қауіпсіздігі мен оларды тәрбиелеу үшін жауапкершілік туралы ұмытпау керек, – деп түйіндеді Бибегүл Қамзина.