ШҚО жолдарында жеті мыңға жуық бұзушылық анықталды
ШҚО жолдарында жеті мыңға жуық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды.
Шығыс Қазақстан облысы аумағында апаттылықты тұрақтандыру және төмендету мақсатында осы жылғы 28 маусым мен 2 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 6649 фактісін анықтады, оның ішінде мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 50 жүргізуші ұсталды, жолдың қарсы қозғалысқа арналған жағына шығудың 41 фактісі анықталды, қоғамдық көлік жүргізушілері 48 құқық бұзушылыққа жол берді. Жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер де болды. Полиция жаяу жүргіншілер тарапынан 1300-ден астам бұзушылықты тіркеді.
145 көлік құралын пайдалануға тыйым салынды, оның 72-сі мамандандырылған тұраққа қойылды, 73 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері алынды.