Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды тұрғындарын 43 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ әйелге үкім шықты

Қарағанды тұрғындарын 43 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ әйелге үкім шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласының 50 жастағы тұрғыны қалалықтардың сенімін асыра пайдаланып, 2019-2021 жылдар аралығында екі жыл бойы ақшаларын жымқырып отырған. Сонымен қатар, әйел өзін әртүрлі банктердің қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға ипотекалық несие мен субсидияны еш қиындықсыз рәсімдеуге уәде берген. Ол әлеуметтік желілерде өз қызметтері туралы хабарландырулар жариялаған. Барлығы 30-ға жуық адам алаяқтың әрекетіне сеніммен қараған.

Шешендік әрі сөзге шеберлік қасиетке ие алаяқ әйел, адамдардың сеніміне кіріп алған, жәбірленушілер нағыз қаржы қызметкеріне жүгінгендеріне сенімді болған. Сонымен бірге, алғашқы жарна ретінде 450 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейінгі қомақты сома берген. Алаяқ ол ақшаны қайтармайтының біле тұра алып отырған. Азаматтар барлық үміттерін жоғалтып, полицияға шағымданған кезде ғана, алаяқ әйелге қиындықтар туа бастайды.

Ең алғашқы арыздар Қарағанды қаласының ПБ-ның Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінен түсе бастайды. Полицейлер ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалған күдіктіні ұстады.

Қылмыстық іс бойынша айыпталушыға «үй қамауы» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Кәсіби тергеудің арқасында әр эпизод үшін алаяқтықтың кінәсі дәлелденді, барлығы – 29.

Тергеудің аяқталуына байланысты қылмыстық іс Қарағанды қаласының Октябрь ауданының сотына қаралуға жіберілді. Сот дәлелдемелердің жиынтығын негізге ала отырып, сотталушыны толық кінәлі деп есептеді. Жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін, кәмелетке толмаған екі баласының бар екенін ескере отырып, оған пробациялық бақылау орната отырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, сотталған адам жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылды.
Үкім заңды күшіне енді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру