Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде есірткі қойып кетумен айналысқан 11 адам ұсталды

Өскеменде есірткі қойып кетумен айналысқан 11 адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскеменде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл шаралары күшейтілді. Бұл үшін Шығыс Қазақстан облысының полицейлері облыс прокуратурасымен өзара іс-қимылда және ҚР ІІМ арнайы бөлімшелерінің қатысуымен қолда бар барлық құралдар мен арнайы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы іс-шаралар кешенін өткізді.

Әлеуметтік желілер мен интернетке жүргізілген мониторинг нәтижесінде, синтетикалық заттардың таралуына қатысы бар «сайттар» анықталды. Өскемен қаласында қалыптасқан жағдайды талдау және қадағалау арқылы құқық қорғау органдары синтетикалық есірткі қойып кетумен айналысқан 11 адамнан тұратын топты анықтады.

– Қажетті дәлелдер базасын жинау және күдіктілерді ұстау үшін бірнеше апта қажет болды. Осы уақыт ішінде жедел уәкілдер тәулік бойы демалыссыз жұмыс істеді. Олар өздері қылмыстық әрекеттері байқалмай қалады деп сеніп, қастандық шараларын мұқият қабылдады, ол үшін олар киімдерін үнемі ауыстырып отырды және кейбір жағдайларда жасанды шаштар (париктерді) қолданды. Ұсталғандар туралы ақпарат қылмыстық тізбектің басқа қатысушыларына жетпеуі үшін күдіктілердің әрқайсысы бөлек ұсталды. Ұсталғандардан синтетикалық есірткінің 220-дан астам бір реттік дозасы және «экстази» деп аталатын 80 таблетка тәркіленді. Бүгінде аталған адамдардың барлығы дерлік соттың санкциясымен қамауға алынды, олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі-есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу бойынша сараланады, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов

Осы баптың санкциясында 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру