Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды академиясының курсанттары әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерін қарсы алды

Қарағанды ​​академиясының курсанттары ағайынды Коваленколарды салтанатпен күтіп алды. Захар Коваленко гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанып, ал оның егізі Назар күміс жүлдені қанжығасына байлаған еді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Еске сала кетейік, әлем біріншілігі 1 шілде мен 4 шілде аралығында Қырғыз Республикасында өткен болатын. Оған сегіз мемлекет қатысқан.

“Бірінші курс курсанттары, ағайынды Коваленколар – Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін, Азияның екі дүркін чемпиондары. Захар 24 келілік гір тасын жұлқа көтеруде абсолютті нәтижемен алтын жеңіп алды – 10 минутта 222 рет көтерді. Назар дәл сол уақыт ішінде гір тасын 184 рет көтерді”, – деді академия қызметкерлері.

Атап өткен жөн, спортшыларды дайындауда Қарағанды ​​академиясының дене шынықтыру кафедрасы мен олардың жеке бапкері Сергей Гутевичтің еңбегі орасан зор.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру