Таразда түзеу мекемесіне есірткі алып кірмек болған ер адам ұсталды
Таразда түзеу мекемесіне есірткі алып кірмек болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбылда қатаң режимдегі ЖД-158/4 мекемесіне есірткі алып кірмек болған азамат ұсталды. “Еңбек Тараз” РМК-ға тиесілі көлік жүргізушісі Е.есімді азамат көліктің артқы қаңқасына жалпы салмағы 46,95 грамм болатын екі қаптама кептірілген марихуананы алып өтпекші болған.
Заңға қайшы әрекет мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері Әділғазы Төлебаев, Қуандық Қуанышұлы және тексеру тобының бақылаушысы Ержан Ақпанбетовтың қырағылығымен әшкереленіп отыр.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Енді жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, ол да жазасын өтеушілердің қатарынан табылуы мүмкін.
Айта кетейік, осы жылдың І жартыжылдық қорытындысына сәйкес, заңсыз әрекеттерді әшкерелеуде ерекше көзге түскен мекеме қызметкерлері мекеме және облыстық ҚАЖ департаменті басшылығы тарапынан марапатқа ұсынылатын болады.