Сарыағашта жігіт сүйіктісінің телефонын тартып алып, сатып жіберген
Сарыағашта жігіт сүйіктісінің телефонын тартып алып, сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жас қыздың айтуынша, өзінің танысы Iphone 12 Pro Max телефонын тартып алып, кетіп қалған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 400 мың теңге.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары күдіктіні ұстауға бағытталған қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар күдіктіні тауып, полиция бөліміне жеткізді.
Анықталғандай, жас жігіт жәбірленуші қыздың сүйіктісі болып шықты. Ол екеуінің арасындағы түсініспеушілік салдарынан қыздың телефонын өзінше билік етіп, алып кеткен. Телефонды сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.