Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қабылдау-тарату орындарына 230 адам орналастырылады

Павлодар облысында қабылдау-тарату орындарына 230 адам орналастырылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар полицейлері күн сайын тұрғылықты жері жоқ адамдар көп жиналатын орындарда рейд жүргізеді. Олардың жеке басын анықтап, жасалған қылмыстарға қатысуы мүмкін екенін тексереді, іздеушілер мен хабар-ошарсыз кеткендердің тізімімен салыстырады.

Жылдың басынан бері қабылдау-тарату орындарына 230 адам орналастырылады. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған әрбір адам жасалған қылмыстарға немесе әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатыстылығын анықтау мақсатында дактилоскопиялауға және суретке түсіруге тартылады.

Жеке басын анықтау мүмкін болмаған жағдайда 48 сағат ішінде материал жиналып, сотқа жіберіледі. Соттың санкциясын алғаннан кейін бұл адамдар 30 тәулікке дейінгі мерзімге бас бостандығынан алдын ала шектейді. Сондай-ақ, қабылдау-тарату орнында ұсталатын адамдармен медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде жұмыс жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін стационарлық медициналық мекемелерге және бейімдеу және оңалту орталығына жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру