Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алуға арналған call-орталықты іске қосты

СҚО полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алуға арналған call-орталықты іске қосты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамлют ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімінде интернет-алаяқтық мәселелері бойынша call-орталық жұмысын бастады. Ауданның әрбір тұрғыны күмәнді қоңырау келіп түскен жағдайда, 2-15-65 телефонына жүгіне алады және алаяқтық белгілерінің бар-жоғын анықтау үшін тәртіп сақшыларынан қоңырау бойынша кеңес ала алады. Бұл жаңашылдық туралы адамдар әлеуметтік желілерден біледі, полицейлер бұл мақсатта бейнеролик әзірлеп, call-орталықтың нөмірін орналастырған.

Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары аудан тұрғындарына қоңырау шалып, киберқылмыскерлердің тарапынан туындайтын қауіп туралы ескертеді. Орташа есеппен күніне 200-250 қоңырау шалынады. Мақсаты – әр тұрғынды қауіп туралы ескерту. Бұндай бағыттағы жұмыс былтырғы жылдан қолға алынған, еріктілер, прокуратура және аудан әкімдігі бірлескен челлендж ұйымдастырды, қатысушылары интернет-алаяқтық туралы жадынамаларды таратып, әр отбасымен әңгіме жүргізу үшін 11 ауылдық округке барып қайтқан болатын.

– Мақсатты профилактикалық жұмыстың жемісі – ауданда бұндай қылмыстардың саны аз. Жыл басынан 4 факті тіркелді. Дәл осыншама адам интернет алаяқтардың әрекетіне көнбеген. Алайда желідегі алаяқтар жаңа амал-тәсілдерді ойлап табуда. Олар өздерін полиция, прокуратура қызметкерлері ретінде таныстырып, алаяқтардың ісін тергеп жатқандарын алға тартады, банкіден ірі көлемде несие алғыздырып, ақшаны олардың көрсеткен есепшотына аудартпақшы болады. Көп жағдайда қылмыскерлерде адамдардың жеке деректері болады. Бұндай жағдайда адам абыржып, алаяқтарға сеніп қалуы мүмкін. Біз аудан тұрғындарына күдік тудыратын жағдайда жүгінуге болатын call-орталықты іске қостық, – дейді Мамлют АПБ бастығы Петр Климов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру