Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны 85 келі балықты тиісті құжаттарсыз тасымалдаған

ШҚО тұрғыны 85 келі балықты тиісті құжаттарсыз тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусым айының соңында ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері Күршім ауданының балық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, таңертең ертемен Алғабас ауылынан 6 шақырым жердегі саяжай жолында өз автокөлігімен 85 келі түрлі балық алып бара жатқан 49 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатқан. Ұсталған азаматтың қасында 38 келі шортан, 32 келі көксерке және 15 келі мөңке балығы болған. Келтірілген шығын 445 мың теңгеден астам сомаға бағаланады.

Жауап алу кезінде қаскүнем өз кінәсін мойындады.

Бүгінгі күні күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру