Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жастар біреудің жеке ауласына қателесіп кіріп, иесін ұрып-соққан

Ақмола облысында жастар біреудің жеке ауласына қателесіп кіріп, иесін ұрып-соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 шілдеде түнгі сағат үш шамасында полицияға Целиноград ауданы Шұбары ауылының 52 жастағы тұрғынынан телефон хабарламасы келіп түсті. Ер адам белгісіз үш адам оған дене жарақатын салғанын хабарлады.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы түнгі уақытта жеке үйдің жәбірленушісіне тиесілі қоршалмаған аумаққа Lada Priora автокөлігімен кірген белгісіз үш ер адам оған дене жарақатын салғанын анықтады.

Целиноград аудандық ПБ тергеу бөлімі аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтады, олар Нұр-Сұлтан қаласының 18-22 жас аралығындағы үш тұрғыны болып шықты, Түркістан облысының тумалары.

Қаскөйлердің айтуынша, олар үйді шатастырып, қателесіп, жәбірленушінің үйінің аумағына кірген, ал иесімен сөйлесу кезінде тараптар арасында жанжал туындаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру