Маңғыстау колониясында «Қақпадағы кездесу» әлеуметтік жобасы өтті
Маңғыстау колониясында «Қақпадағы кездесу» әлеуметтік жобасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша төмен ГМ-172/8 мекемесінен жазасын өтеп жатқан сотталған жаза мерзімі аяқталғаннан кейін босатылды. Осыған байланысты сотталушының туыстарымен қақпа алдында кездесу ұйымдастырылды.
Айта кетейік, «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды дұрыс жолға бағыттауға көмектеседі.
Мекеме қызметкерлері сотталғанға оның құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндірді.