Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Заңсыз тасымалдаушы” ЖАІІШ: Павлодар облысында 661 әкімшілік бұзушылық анықталды

Павлодар облысында “Заңсыз тасымалдаушы” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 661 әкімшілік бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының автожолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде шетелдік тіркеулі автокөлікпен және регламенттер мен стандарттардың талаптарына жауап бермейтін көлікпен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды, бақылауды күшейту, сондай-ақ ҚР-ның қолданыстағы заңнамасын бұзатын автомобиль жолаушылар тасымалы қызметінің жолын кесу мақсатында 27 маусымнан бастап ерекше өкім шығарылғанға дейінгі кезеңде облыс аумағында “Заңсыз тасымалдаушы” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Осы іс-шараның өткізілу кезеңінде полицейлер 661 әкімшілік бұзушылықты анықтады.

– Тәртіп бұзушылардың рейтингіне сәйкес, ең “белсенділері” – қауіпсіздік белдігін елемеген жүргізушілер. Мұндай бұзушылық үшін 195 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екіншісі – көлік құралдарын басқару кезінде телефонмен сөйлесуді ұнататындар – 97 азамат. Көліктің техникалық жай-күйін қадағаламайтын жүргізушілер тарапынан бұзушылықтар аз емес. 76 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бұдан басқа, жүргізуші куәлігі немесе тиісті санаты жоқ жүргізушілерді такси басқарғаны үшін 24 адам тартылды. Өзінің таксиін рұқсатсыз қайта жабдықтағаны үшін 20 жүргізуші жазаланды, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ автокөлікпен адамдарды тасымалдайтын 10 такси жүргізушісі ұсталды. Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 12 қоғамдық көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде мас күйінде басқарғаны үшін 7 такси жүргізушісі ұсталды, жолдарда апатты жағдай туғызғаны үшін 6 такси жүргізушісі жазаланды, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Сондай-ақ, техникалық жағдайы бұзылған автобустарды пайдалануға бергені үшін 18 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдарымен жолаушыларды, багажды немесе жүктерді тасымалдау үшін көліктік бақылау инспекциясына бір материал берілді, онда жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 575-бабы бойынша шаралар қабылданатын болады, онда 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген.

– Бұдан басқа, мамандандырылған айыппұл тұрағына 26 көлік құралы қойылды, сондай-ақ 44 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деп түйіндеді спикер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру