Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ солтүстікқазақстандықтарға “емтихансыз” жүргізуші куәлігін алуға болатынын сендірген

Алаяқ солтүстікқазақстандықтарға “емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алуға болатынын” сендірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгіленген рәсімдерді айналып өтіп, жүргізуші куәлігін сатып алу заңға қайшы келеді. Дегенмен, мұндай қадамға келісім беретін адамдар да кездесіп жатады. Бұны, өз кезегінде, алаяқтар құр жібермейтіні сөзсіз. СҚО мен Ақмола облысында 16 адам емтихан тапсырмай “жүргізуші куәлігін алуға болады” деген жалған уәдеге сеніп, ондаған мың теңгесінен айырылған. Шындығына келгенде, уәде етілген құжатты олар алмаған. Олардың біреуі – Тайынша ауданының тұрғыны полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде аудан полицейлері 34 жастағы Көкшетау қаласының тұрғынын анықтады.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында қамауда. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бүгінгі таңда қылмыстық істе 16 эпизод тіркелген.

– Зардап шеккендердің бірі күдіктімен интернетте автокөлік сату туралы хабарландыру бойынша байланысқа шығып, құжаттарды заңсыз әрі жылдам жолмен алу мүмкіндігі бар екенін айтқан. Ауыл тұрғыны келісімін беріп, танысымен телефон нөмірлерімен алмасқан. Осылайша, адамнан адамға тарап, алаяқтықтық құрбандарының саны артқан. Келтірілген шығын сомасы 65 мың теңгеден басталады. Егер адамдар заңды айналып өтіп жатса, алаяқтардың бұрыннан қолданып келе жатқан айлаларына түсуі мүмкін. Заңнаманы қатаң сақтап, күмәнді ұсынысқа келісім бермеуді сұраймыз, – деп тоқтала кетті аудандық ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру