Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл тұрғыны күйеуін құтқарып қалған СҚО полицейіне алғысын білдірді

Петропавл тұрғыны күйеуін құтқарып қалған СҚО полицейіне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл тұрғыны солтүстікқазақстандық полицейдің әрекеті туралы қалалық пабликтердің біріне жазған. Әйел инсульт алған күйеуіне көмектескен полицейге ризашылығын білдірген. Оқиға 8 шілде күні түскі сағат 12 шамасында болған. Руслан Тасболатовтың айтуынша, ол үйіне келе жатып, аулада көлігіне әрең бара жатқан және рөлге отырмақшы болған ер адамды байқаған. Қала тұрғынының өзін жайсыз сезінгені белгілі болды.

– Ол тез әрекет етіп, оны ауруханаға жеткізген. Орын алған жағдайға бей-жай қарамай, күйеуімді аман алып қалғаныңызға мың алғыс, – деп алғысын білдіріпті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкеріне құтқарылғанның әйелі.

Дәрігерлер полицейге қазіргі уақытта ер адамның жағдайы бірқалыпты екенін хабарлаған.

– Жауынгерлік қызметтік даярлық кезінде қызметкерлер аурудың сыртқы белгілерінен бастап алғашқы көмек көрсетуге дейінгі шұғыл медициналық көмектің барлық дағдыларын үйренеді. Бұл мамандықтың ерекше талаптарының бірі. Қалалықтардың осындай жылы лебіздері барлық жеке құрам үшін кәсіби дағдыларды одан әрі дамытуға септігін тигізіп, ынталандырадыі, – дейді СҚО бойынша Мамандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы Кеңес Дүйсекеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру