Ақтөбеде көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші жол апатын жасады
Ақтөбеде көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші жол апатын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz
19 шілде сағат 19.00-де Opel Vectra көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Жиенбаев көшесіндегі көше жарығының бетон бағанасына барып соқтығысқан. ЖКО салдарынан үш жолаушы, оның ішінде 3 жасар қыз түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды.
Жүргізушінің көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екені және мас күйінде болғаны анықталды.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жүргізушіге бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не он жылдық мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.