Ақмола облысында зейнеткер ауылдасының үйін өртеді деген күдікке ілінді
Ақмола облысында зейнеткер ауылдасының үйін өртеді деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 шілдеде сағат 23 шамасында Зеренді АПБ полиция бөліміне 47 жастағы жергілікті тұрғынға телефон қоңырауы келіп түсті. Ер адам өзіне тиесілі жеке үйдің өртенгені туралы хабарлады.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобының, өрт сөндіру жасағының қызметкерлері дереу келді. Құтқарушылар жеке үйдің кіреберіс есігінің өртенуінің алдын алды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері өрт жасауға қатысы бар күдіктіні анықтады, ол 85 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қарт адамның іс-әрекетінің себебі анықталуда.
Зеренді аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 202-бабы 2-бөлігіне сәйкес (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қазіргі уақытта егде жастағы адамды сот-психиатриялық сараптамадан өтуге жіберу туралы мәселе шешілуде.