Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалықтар интернет-алаяқтардың қармағына түсіп қалды

Ақмолалықтар интернет-алаяқтардың қармағына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтардың тағы бір құрбаны Зеренді ауданының тұрғыны болды.

17 шілдеде ауыл тұрғыны полицияға жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, бірнеше күн бұрын OLX сайтында оның жұбайы квадроциклдың сатылатыны туралы хабарлама тапқан. Ер адамды көлік құралының салыстырмалы түрде төмен құны – 550 мың теңге екені қызықтырды. Сатушымен хабарласып, саудамен келіскен, алайда квадроциклдың «иесі» сатып алу үшін барлық соманы алдын-ала төлеу керек екенін айтқан. Алаяқтық туралы еш күдігі жоқ ер адам аталған соманы аударған, алайда 3 күннен кейін Зеренді тұрғындары не тауарды, не қаражаттың қайтарылуын көрмеген. Сатушы да байланысқа шығуын тоқтатқан.

Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады, қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру