Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында велосипед ұрлаған ер адам қолға түсті

Қызылорда облысында велосипед ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

22 шілде күні облыстық Полиция департаментіне Сырдария ауданының тұрғыны велосипед ұрлығы бойынша арызданған. Азаматшаның айтуы бойынша велосипедін өзі тұратын үйдің подъезіне құлпқа қойып кеткен. Сәлден соң келгенде оның орнында жоқ екенін байқаған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, велосипед ұрлаған 34 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдеме ретінде велосипед алынды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағына (Ұрлық) сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру