Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 310 шетелдік елден шығарылды

Алматыда 310 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Биылғы жылдың басынан бері Алматыда ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың 15 904 дерегі анықталды. 4 182 іс бойынша шетел азаматтары жауапкершілікке тартылды.

– Сот шешімдерімен 310 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 673 шетел азаматы ПД қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар, 2022 жылдың 6 айында еңбек иммигранттарына жеке адамдарда жұмыс істеуі үшін 34 162 рұқсат қағазы берілді және ұзартылды. Қазіргі уақытта заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және шетелдіктерді азаматтық-процессуальдық тәртіпте елден шығару – біздің бірінші кезектегі міндетіміз, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ, полиция Алматыда жыл басынан бері «Келімсек» және «Нелегал» екі республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілгенін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру