Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткерді тапты

Қостанайлық полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткерді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір тәулік ішінде қостанайлық полицейлер хабар-ошарсыз кеткен 82 жастағы ауыл тұрғынының тұрған жерін анықтады.

Меңдіқара ауданының полициясына Борки ауылының тұрғыны жүгінген. Зейнеткер 25 шілдеде таңғы сағат 10 шамасында 82 жастағы күйеуі Василий Герасимов үйден шығып, белгісіз бағытқа кеткенін хабарлады. Зейнеткерді іздеуге бөлімнің және көрші аудандардың барлық полиция жасақтары қосылды. Полиция мен еріктілер бір күн бойы зейнеткерді іздеді.

Ер адам тұрғылықты жерінен 12 шақырым жердегі Никитин ауылының жанынан табылды. Зейнеткер жолда келе жатып, ол адасып, бағдарын жоғалтқанын айтты.

Қазіргі уақытта оның денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Раиса Герасимова полицейлерге жылдамдық пен жұбайын табуға көмектескені үшін алғыс айтты.

Жыл басынан бері облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 300-ден астам хабар-ошарсыз кеткен адамды іздестірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру