Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда дүкен сатушысы жасөспірімге сыра сатқан

Екібастұзда дүкен сатушысы жасөспірімге сыра сатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының Энергетиков көшесіндегі шағын ауданды патрульдеу кезінде дүкен сатушысының 17 жастағы кәмелетке толмаған балаға сыра сату фактісі анықталды. Жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. 

– Биылғы жылдың есептік кезеңінде ҚР ӘҚБК 200-бабы бойынша 23 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру