Ұлттық ұланның әскери бөлімінде полицияның кешенді күштерінің жалпы гарнизондық таратуы өтті
Елордада ҚР Ұлттық ұланының № 5573 әскери бөлімінде жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтауы және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға әзірлігін ұстану мақсатында жалпы гарнизондық таратуы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Нұрлан Қапаров қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қойылған міндеттерді орындау бойынша қызмет атқаруға кірісетін жеке құрамның дайындығын тексерді.
Саптық тексеру барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу, қызмет өткеру барысында сақшылардың мұқият болып, азаматтармен ілтипатты және әдепті қарым-қатынас жасауына назар аударылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз жүріп тұруы үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Таратудан кейін полиция жасақтары қала көшелерін, тұрғын үй алаптарын патрульдеуге кірісті.