Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда “Қауіпсіз жол” шарасы жалғасуда

Елордада “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 26 заңсыз такси жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жолаушылар мен жүк тасымалдарының қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында заңсыз тасымалдау фактілерінің жолы кесілуде. Негізінен “заңсыз тасымалдаумен” жақын шетел азаматтары айналысады.

Мәселен, бір күнде полицейлер тиісті құжаттарсыз “такси” қызметімен айналысқан Өзбекстан мен Тәжікстанның үш азаматын ұстады. Жүргізушілер “Yandex” мобильді қосымшасын пайдаланып жолаушыларды тасымалдаған. Шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, автокөліктер коммуналдық тұраққа қойылды.

Елордада “Қауіпсіз жол” айлығы өтуде. Аталған іс-шара басталғаннан бері 3 мыңға жуық ЖҚЕ бұзушылық анықталды, оның ішінде 39-ын қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған. Қауіпсіздік белдігін пайдалануды сақтамағаны үшін 500-ден астам жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 100-ден астам, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін 168-ден астам және қарсы жолаққа шыққаны үшін 22 жүргізушіге айыппұл салынды.

Сондай-ақ ПД ЖБО бейнебақылау камералары ЖҚЕ өрескел бұзу фактісін тіркеді. Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі Тұран даңғылымен екі жақты қозғалыстағы жолда келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолға шығып, сол жолмен келе жатқан.

Жүргізушіге қатысты көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар іс жүргізу тәртібімен шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру