Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылықтың мопедін күштеп тартып алған ер адам ұсталды

Алматылықтың мопедін күштеп тартып алған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, полицейлер 19 жастағы жасөспірімнің мопедін күшпен тартып алған қылмыскерді қууға мәжбүр болған.

– Дәлірек айтсақ, қаскөй мопедтің кілтін талап етіп, жас жігітті тұншықтыра бастаған. Оқиға кешкі сағат бестер шамасында Солтүстік айналма мен Геологтар көшелерінің қиылысында орын алды. Тоналған жас жігіт оқиға туралы дереу полицияға хабар берді. Бірінші болып «Буран-161» патрульдік полициясының экипажы мен жедел-тергеу тобы әрекет етті. Олар қаскүнемді қуа бастады. «Ізін суытпай» бұрын сотты болған 38 жастағы Б.есімді азамат ұсталды. Ол өзінің үйінде қолға түсті. Екі дөңгелекті көлік тәркіленіп, процессуалдық тәртіпте иесіне қайтарылды, – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру