Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері екі күнде 6 киберқылмысты ашты

СҚО полицейлері екі күнде 6 киберқылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтық – заманауи және қарқынды дамып келе жатқан қылмыс түрі. Бүгінгі таңда онымен күрес криминалдық полицияның аса міндеттерінің бірі.

26-27 шілде аралығында тәртіп сақшылары “Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеді. Күшейтілген жұмыс шеңберінде 6 интернет-қылмыс анықталып, ашылды. Бұдан бөлек, ақпараттық технологиялар саласындағы бұрын жасалған 14 қылмыс ашылды. Оның бірі – қаскөйге пин-коды белгілі болған банк карточкасынан жасалған интернет-ұрлық, ал қалғандары бөтеннің атына несие ресімдеу.

Әсіресе, киберқылмысты ескертуге ерекше көңіл бөлінді. Olx.kz, Krisha.kz, Kolesa.kz сайттарындағы, ВКонтакте, Instagram әлеуметтік желілеріндегі, желілік алаяқтар қылмыстық мақсатта пайдаланатын өзге де белгілі ресурстардағы хабарландыруларға күшейтілген түрде мониторинг жүргізілді. Мысалға, бір автокөлікті түрлі қалалардан сату туралы үш жалған хабарландыру анықталды.

– Бұдан бөлек, Instagram-да спорттық киім сататын жалған дүкеннің аккаунты анықталды. Алаяқтар Петропавлдағы мекенжайды көрсеткен, ал шындығында онда сауда кәсіпорны болмай шықты. Зардап шегуі мүмкін адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылданды. Барлығы іс-шараның үш күнінде түрлі құқыққа қайшы контенті бар 60 сілтеме анықталып, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тексеру және бұғаттау үшін жіберілді, – деп толықтыра кетті СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру