«Anti-fraud» ЖПІШ: ШҚО полицейлері 3 күнде 10 киберқылмысты ашты
«Anti-fraud» ЖПІШ: ШҚО полицейлері 3 күнде 10 киберқылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысының аумағында 26-28 шілде аралығында ақпараттандыру саласында жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған «Anti-fraud» мемлекетаралық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу кезеңінде облыс аумағында бұрын жасалған 10 қылмыс ашылды. Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу нәтижесінде 31 заңсыз сайт анықталды.
ШҚО бойынша Полиция департаменті сақтық шараларын сақтау қажеттілігін еске салады және интернет арқылы сатып алу кезінде сақ болуға шақырады.