Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында интернет-алаяқтықтың 25 фактісі анықталды

Павлодар облысында интернет-алаяқтықтың 25 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және ашу, интернет-алаяқтықпен айналысатын, контрафактілік және еркін айналымда тыйым салынған, оның ішінде интернет желісінде таратылатын өзге де өнімді заңсыз дайындайтын, көбейтетін және өткізетін тұлғаларды анықтау мақсатында Павлодар облысының аумағында 26-28 шілде аралығында “Anti-fraud” жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

Іс-шараны өткізу қорытындысы бойынша Павлодар облысының полицейлері ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты жасалған интернет-алаяқтықтың 25 фактісін ашты.

Мысалы, Екібастұз қаласының полицейлері алаяқтық жасаған 27 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады. Күдіктілер келесі схема бойынша әрекет етті: өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы көшедегі азаматтарға құжаттарды тексеру сылтауымен жақындады. Әрі қарай ақпараттық жүйелердің көмегімен олар банктердің қосымшаларында сәйкестендіріліп, азаматтарға тауарлық және қолма-қол несие берді.

Мәселен, қаскүнемдердің қармағына Ақсу қаласының 64 жастағы тұрғыны түсті, оның атына екі миллион теңгеден астам сомаға онлайн кредит рәсімделген. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру