Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас жүргізуші 20 тәулікке қамалды

Павлодар облысында мас жүргізуші 20 тәулікке қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 шілдеде 42 жастағы ауыл тұрғыны Racer 150 көлігін мас күйде басқарған. Одан бөлек, ер адамның көлік жүргізу құқығы жоқ екені анықталды. Масаң күйде болғаны медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған.

– Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, іс сотқа жіберілді, – деп хабарлады Павлодар облысы Шарбақты ауданының Полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.

Мас көлік жүргізгені үшін әкімшілік іс сотта қаралды. Сот шешімі бойынша жүргізуші 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру