Маңғыстаулық полицейлер “Anti-fraud” ЖПІШ барысында 10 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады
Маңғыстаулық полицейлер “Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 10 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ақтау қаласы Полиция басқармасына алаяқтың арбауына түскен үш жергілікті тұрғын арызданған. Түркия еліне демалуға арзан бағаға жолдама алмақ болған тұрғындар алаяққа алданып, 2,7 млн теңгеден астам қаржыларынан айырылып қалды. Криминалдық полиция қызметкерлері “Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 36 жастағы азаматшаны анықтап, ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тексеру жалғасуда.
Екі күнге созылған “Anti-fraud” ЖПІШ барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен барлығы 10 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.